» » КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия отырысы селекторлық байланыс арқылы ұйымдастырылды. Оған аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Шыңғыс Сыдықов қатысты.

Облыстық жиында кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстары, балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы және мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мәселелері қаралды.

Селекторлық мәжілістен кейін Шыңғыс Әбділәмитұлы аудан аумағында бұл бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жауапты сала басшыларының мәліметтерін тыңдады.

Қазір ауданымызда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Жиында бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі әрі сапалы түрде жалғастыру қажеттігі тапсырылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

06 қараша 2026 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 268
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 424

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30