» » КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ қала мен аудандардың кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағалары қатысты.

Отырыс барысында білім бөлімдері жанындағы қорғаншылық, қамқоршылық органдардың кәмелетке толмағандармен қараусыз, панасыз қалу және қоғамға қарсы әрекеттерінің алдын алу жұмыстары, бала құқықтарының бұзылуы, 2025 жылдың 9 айында кәмелетке толмағандар арасында орын алған суицид фактілері және “Адал адам” рухани-мәдени орталықтарындағы үйірме жұмыстарында патриоттық тәрбие беруді сапалы ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Комиссия отырысының қорытындысымен облыс әкімінің орынбасары М.Шермағанбет тиісті сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.

09 қараша 2025 ж. 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 075
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031