» » ЕГІСТІ ӘРТАРАПТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

ЕГІСТІ ӘРТАРАПТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына келді. Аймақ басшысын аудан әкімі Жандос Еркінбек қарсы алып, Ақтөбе ауылдық округіндегі «Ақтөбе және К» ЖШС-нің егіс алқабын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Биыл шаруашылық жалпы 2 077 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырған. Оның ішінде 1 182 гектарға күріш, 160 гектарға жүгері, 140 гектарға соя және 595 гектарға жоңышқа егілген.

Мұнан соң Мұрат Нәлқожаұлы егісті әртараптандыру мәселелеріне арналған облыстық семинар-кеңес өткізді. Жиынға Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің, өңірлік даму және қаржы институттарының басшылары, ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері мен сала мамандары қатысты.

Семинар-кеңесте өңірдің ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамыту, су тапшылығы жағдайында егіс құрылымын оңтайландыру, суды аз қажет ететін дақылдардың көлемін арттыру мәселелері талқыланды.

Жиында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев өңірде егісті әртараптандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Сонымен қатар «Ақтөбе и К» серіктестігінің директоры Нұрлан Іздібаев шаруашылықта суды аз қажет ететін жаңа дақылдарды өсіру тәжірибесімен бөлісті.

Ал «Таң ЛТД» серіктестігінің директоры Имамзада Шағыртаев 1000 гектар алқапта дәндік жүгеріні тамшылатып суару әдісімен өсіру жобасын таныстырды. Сондай-ақ академик Камаладдин Шермағанбетұлы мен «Әлем Агро» компаниясының өкілі Болатбек Тәуіпбаев жүгері өндірісін дамыту, оны ауыспалы егіс жүйесіне енгізу және агрономиялық қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды.

Жиынды жауапты сала басшыларына алдағы жылдарға жоспарланған егіс көлемдерінің орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, егісті әртараптандыру жұмыстарын жүйелі үйлестіру тапсырылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

03 қараша 2026 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30