» » АУДАН БАСШЫСЫ ЕГІС АЛҚАПТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

АУДАН БАСШЫСЫ ЕГІС АЛҚАПТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ


Аудан әкімі Жандос Еркінбек Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Алдымен Ақжар ауылдық округіндегі «Ораз Ахун ЛТД» ЖШС-нің егіс алқабына барып, биылғы егін жинау науқанына дайындығы мен жұмыстардың барысын көрді. Шаруашылықтың жалпы егістік көлемі 1 781 гектарды құрайды. Оның ішінде 866 гектарға күріш, 43 гектарға жүгері, 110 гектарға мақсары, 110 гектарға судан шөбі, 646 гектарға жоңышқа және 6 гектарға бақша дақылдары егілген. Мұнда жауапты басшылар атқарылған агротехникалық шаралар мен алдағы жоспар жайында мәліметтер беріп өтті.

Сонымен қатар Жандос Еркінбек ІІІ Интернационал ауылдық округіндегі «Болашақ» шаруа қожалығының егіс алқабына барды. Шаруашылықтың жалпы егістік көлемі 714 гектар. Оның 376 гектарына күріш, 3 гектарына картоп және бақша дақылдары, 335 гектарына жоңышқа егілген.

Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өткен аудан басшысы егіс алқаптарындағы жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ шаруашылық басшыларымен пікір алмасып, алдағы науқанға тиянақты дайындық жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмаларын жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 тамыз 2026 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 711
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 158

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31