» » МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ КӨЛЕМІ АРТА ТҮСПЕК

МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ КӨЛЕМІ АРТА ТҮСПЕК

Елімізде соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласында өндіріс көлемін арттыру, егіс алқаптарын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы мәселелер бойынша облыстық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев ауданымызға жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықовпен бірге шаруашылық басшыларымен кездесті.
Кездесулерде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты», «Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағдарламаларының мүмкіндіктері, жеңілдетілген несие алу тәртібі мен оның тиімділігі туралы түсіндірме ақпараттар берілді.
Басқарма басшысы алдымен «Ақтөбе и К» серіктестігінің күріш, соя, жүгері дақылдары егілген алқапты аралап, шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысты.
Серіктестік биыл 1182 гектарға күріш дәнін сепсе, әртараптандыру бағытында 160 гектарға жүгері, 140 гектарға соя, 595 гектарға жоңышқа еккен. Бүгінде егіс алқабының жағдайы жақсы. Шаруашылық ұжымы барлық агротехникалық шараны талапқа сай жүргізіп, алдағы науқанда мол өнім алуға ниетті. Келер жылға су үнемдеу технологиясын тиімді пайдаланып, жүгері, соя көлемін 500 гектарға жеткізіп, құрама жем шығару зауытын салуды жоспарлап отыр.
Одан әрі сала басшысы «Достық Жер МК» ЖШС егістігін аралап, алдағы уақытта да су үнемдеу технологиясын тиімді пайдалануды ұсынды. Серіктестік биыл 400 гектар жерге күріш, 100 гектарға мақсары, 10 гектарға бақша өнімі және 200 гектарға мал азықтық шөбін еккен.
Сапар кезінде Талғат Тұрсынұлы серіктестіктердегі егіннің жайкүйімен танысып, алда келе жатқан егін жинау науқанына дайындық барысын пысықтады. Шаруашылық басшылығына орақ науқанын уақытылы әрі сапалы жүргізу, техникалардың дайындығын қамтамасыз ету және өнімді ысырапсыз жинап алу мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.
Дайындаған Сәрсенкүл АҚКІСІ
25 тамыз 2026 ж. 18 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 725
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31