» » МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шараларға арналған мәжіліс өтті.

Жолдауда еліміздің алдағы даму кезеңіндегі басым бағыттар айқындалып, экономика мен бюджеттік жоспарлау, инвестиция тарту, инфрақұрылымды жаңғырту, салық саясатын жетілдіру, энергетикалық тапшылықты жою және цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған міндеттер халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, логистиканы және жаңа энергия көздерін дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, сондай-ақ барлық салаға цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған.

Мәжіліс барысында Жолдауда белгіленген басымдықтарды аудан көлемінде жүзеге асыру, экономикалық өсімге серпін беретін кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыру мәселелері талқыланды.

Аудан басшысы тиісті сала басшыларына Жолдаудан туындайтын міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындауды, белгіленген басым бағыттар бойынша нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Басты мақсат – Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүйелі жүзеге асырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру.
30 қазан 2026 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Хабарландыру

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 179
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031