» » КӨК БАЙРАҒЫМЫЗ КӨКТЕ ЖЕЛБІРЕДІ

КӨК БАЙРАҒЫМЫЗ КӨКТЕ ЖЕЛБІРЕДІ

Ауданымызда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі ұйымдастырылды. Ұлттық мерекеге арналған жиынға аудан әкімі Жандос Еркінбек, ардагерлер, жастар және түрлі сала өкілдері қатысып, елдіктің еңсесін көтеретін салтанатты сәттің куәсі болды.
Рәміздер алаңында көк байрақтың биікке көтерілуі мен мемлекеттік Әнұранның шырқалуы мерекенің мазмұнын айшықтай түсті. Бұл сәт жиналған қауымға тәуелсіздіктің қадірін, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті және ел алдындағы жауапкершілікті тағы бір мәрте сезіндірді. Шарада аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарды ұлттық мерекемен құттықтап, елдің тыныштығы мен бірлігінің маңызын атап өтті. Ол тәуелсіз мемлекеттің тұғырын нығайту әр азаматтың адал еңбегі мен ортақ жауапкершілігіне байланысты екенін жеткізіп, жұртшылыққа ізгі тілегін білдірді. Жиынның тағылымды тұсының бірі – мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған азаматтардың ант беру рәсімі болды. Қызметтік міндетін ел игілігіне бағыттауға уәде берген азаматтар үшін бұл күн кәсіби жолындағы маңызды кезеңге айналды. Салтанатты шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен түйінделді. Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеген патриоттық әндер мерекелік көңіл күйді арттырып, қатысушыларға рухани әсер сыйлады. Республика күні – елдің дербестігі мен мемлекеттілігін айқындайтын маңызды мереке. Осындай тағылымды шаралар ұлттық құндылықты дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға ықпал етеді. Егемендігіміз еңселі, бірлігіміз бекем болып, көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!

Бауыржан ЖҮНІС

29 қазан 2026 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Хабарландыру

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 176
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 369

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031