» » РЕСПУБЛИКА КҮНІ АЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ АЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

Киелі Қармақшы ауданында ұлттық мереке – Республика күніне орай аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі ұйымдастырылды.

Ауданымыздың басты рухани орталықтарының бірі Рәміздер алаңында өткен салтанатты іс-шара Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталып, еліміздің көк байрағы биікке көтерілді.

Рәсімге ауданның ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, бөлім, мекеме, кәсіпорын басшылары, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдерімен қатар, полиция, төтенше жағдай қызметкерлері де қатысты.

Салтанатты жиында мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандар өздерінің адалдық антын қабылдап, елге қызмет етуге серт берді.

Патриоттық рухтағы шара жергілікті өнерпаздардың жалынды орындауларымен жалғасып, қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Бұл игі шара – ел тәуелсіздігін ұлықтап, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді арттыруға бағытталған маңызды мерекелік дәстүрдің жалғасы болмақ.

26 қазан 2025 ж. 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30