» » ӨНЕГЕЛІ ӨМІР, ӨРІСТІ ӘУЛЕТ

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР, ӨРІСТІ ӘУЛЕТ

Әженің немересінің жетістігіне сүйсініп, мақтанышпен айтуы – жүрекке жылу сыйлайтын көрініс. Әсіресе, бес баланы өсіріп, өмірін отбасына арнаған ананың ұрпағының елге танылғанын көруі – үлкен бақыт. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Алтыншаш Кенжебайқызының да осындай мақтанышы бар. Оның немересі Еламан – қазақ күресінен «Қазақстан барысы» атанған балуан. Бұл жеңіс – әулеттің мерейін өсірген ерекше қуаныш.
Әжеміз 1946 жылы дүниеге келген. 1965 жылы Ерғали Алмаханұлы мен шаңырақ көтеріп, бес баланы тәрбиелеп өсірді. Отағасы 1942 жылы туған, ұзақ жылдар бойы автобазада токарь болып еңбек еткен. Бір мекемеде тұрақты қызмет атқарып, отбасын адал еңбегімен асыраған атамыз 2009 жылы өмірден өтті. Әжеміз 1981 жылға дейін бала тәрбиесімен айналысты. Сол жылы қазіргі «Айсұлу» балабақшасына жұмысқа орналасып, он бес жыл бойы бала күтуші әрі аспазшы қызметін атқарды. Еңбек жолын жауапкершілікпен жалғастырып, 1996 жылы елу жасында зейнеткерлікке шықты.
Бүгінде бес баласынан 12 немере, 9 шөбере сүйіп отырған әжей үйде қол қусырып отыруды ұнатпайды. Бұл – оның жастайынан бойына сіңген еңбекқорлығының көрінісі. Зейнет жасына жетсе де, күнделікті тіршіліктен қол үзбеген жанның ұқыптылығы мен тиянақтылығы кейінгі буынға үлгі.
Ерлі-зайыптылардың балалары бүгінде әр салада еңбек етіп, өз алдына шаңырақ көтерген.
Тұңғышы Дархан №105 мектепте білім алып, Алматыдағы Қазақ дене шынықтыру институтында оқыған. 1984-1986 жылдары Венгрияда Кеңес әскері қатарында азаматтық борышын өтеген. Кейін ұстаздық жолға түсіп, 1989-1995 жылдары Жаңажол елді мекеніндегі №107 мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1995 жылдан бері аудандық спорт мектебінде дзюдодан жаттықтырушы болып еңбек етіп келеді. Жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп жүрген бапкердің өмірлік серігі Зейнегүл де ұстаздық қызметте. Ол №30 мектепте орыс тілі пәнінен сабақ беріп, жас ұрпақтың білім алуына үлес қосып жүр. Дарханның ұлы Жарас Алматы қаласында спорт және туризм саласы бойынша жаттықтырушыоқытушы мамандығын меңгерген.
Екінші ұлы Нұрхан көп жылдан бері мал шаруашылығымен айналысып, ет, сүт өнімдерімен халықты қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда жылқы өсіруге ден қойған. Жұбайы Ләзипа үй шаруасымен айналысып, немерелерінің тәрбиесіне көңіл бөледі. Нұрханның қызы Нұргүл ҚазМУ-ды бітіріп, ауданда салық саласында. Ұлы Марал Алматы қаласынан жоғары оқу орнын бітіріп, бүгінде аудандық спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істейді.
Қызы Жадыра Байқоңыр қаласында балабақшада тәрбиеші болып еңбек етеді. Ал Нұрым қара шаңырақ иесі. «Ертөстік» балабақшасында күзетші. Жұбайы Мирамкүл де балабақшада жұмыс істейді.
Нұрымның үлкен ұлы Еламан Ерғалиевтің спорттағы жетістігі – әулеттің айрықша мақтанышы. Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» атанған балуанның қалыптасуына көкесі Дарханның ықпалы болған. Дзюдодан талай шәкірт тәрбиелеген бапкердің тәжірибесі мен спортқа деген сүйіспеншілігі жас балуанның жолына бағытбағдар берген. Кенже қызы Жәмиля отыз жылға жуық уақыттан бері «Рахат» ЖШС-інде кондитер, технолог болып еңбек етіп келеді. Бір салада ұзақ жыл қызмет атқаруы – өз ісіне деген жауапкершілігі мен табандылығын танытса керек.
Бүгінде ардақты ана үшін балаларының әрқайсысының өз орнын тауып, немерелері мен шөберелерінің қызығын көруінен асқан бақыт жоқ. Бірі – ұстаздық жолды таңдаса, бірі – шаруашылықпен айналысады, енді бірі – спорт саласында еңбек етеді. Әсіресе, немересі Еламанның «Қазақстан барысы» атануы әжейдің көңіліне ерекше қуаныш сыйлады. Қазақ күресіндегі мұндай биік белес спортшыдан күш-қайратпен қатар төзімділік пен тәртіпті талап етеді. Еламанның жеңісі – өзінің табанды еңбегінің нәтижесі болса, оның жетістігіне қуанып отырған жақындарының қолдауы да маңызды.
Адам үшін ең үлкен байлық – артында қалған өнегелі ұрпақ пен отбасының амандығы. Немерелерінің елге танылып, биік белесті бағындырғанын көріп, балаларының ортасында отырған ананың көңілі тоқ, мерейі үстем. Оның ақ батасы мен өмірлік өнегесі әулет үшін әрдайым қымбат болып қала береді.
Бауыржан ЖҮНІС
22 қазан 2026 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 119
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 316

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031