» » КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӨЗ КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБУДА

КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӨЗ КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБУДА

Аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен Жосалы кентіндегі бірқатар нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.

Алдымен тұрғындар көптен күткен Бауыржан Момышұлы көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарының барысы тексерілді. Кенттегі ең ұзын көшелердің бірі саналатын жолдың жалпы ұзындығы 2100 метрді құрайды. Бұл көшені жөндеу тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай жасалуына бағытталып отыр. Жандос Еркінбек жұмыстың сапалы орындалуына назар аударып, жауапты басшыларға тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Мұнан соң аудан басшысы Тайшық би тұйығында тұрғындардың көтерген мәселелеріне сәйкес атқарылған тазалық жұмысының барысын көрді.

Жалпы аудан әкімі халық тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерінің ешқайсысы ескерусіз қалмауы керектігін үнемі айтып келеді. Азаматтардың талап-тілегін тыңдап, оларды шешу жолдарын қарастыру - маңызды міндет. Сондықтан Жандос Еркінбек елді мекендегі жол сапасын жақсартып, тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауында болатынын ескертті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 қазан 2026 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 106
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031