» » Биыл қыста ауа райы қандай болады?

Биыл қыста ауа райы қандай болады?

Синоптиктер биылғы қараша айы жылы болады деп болжап отыр. «Қазгидромет» 2026-2027 жылдардағы суық жартыжылдыққа арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанда алдағы қыс салыстырмалы түрде жылы, жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады деп күтіледі. Алайда елдің солтүстік-батысының, солтүстігінің, солтүстік-шығысының жекелеген аудандарында және Орталық Қазақстанда жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан жоғары болуы мүмкін.

Қыста ауа температурасы қандай болады?

Желтоқсан айында елдің бүкіл аумағында ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 2°С жоғары болады деп болжанған. Ал қаңтар айында елдің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2°С жоғары болады. Республиканың солтүстік-батыс бөлігінде температура климаттық норма шамасында болады деп күтіледі.
Ақпан айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-3°С жоғары болады. Ал солтүстік және шығыс өңірлерде климаттық норма шамасында сақталады.

Жауын-шашын мөлшері қандай?

Синоптиктердің болжауынша, желтоқсан және қаңтар айларында елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық нормаға жақын.
Ақпан айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары, ал елдің батыс бөлігінде климаттық норма шамасында болады деп болжанады.
Бұдан бөлек, еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ құбылыстары, желдің екпінді соғуы, ал республиканың солтүстік жартысында көбіне бұрқасын болуы ықтимал.
«Болжамның консультативтік сипатта екенін ескертеміз. Нақты ауа райы жағдайлары болжамдық көрсеткіштерден өзгеше болуы мүмкін», делінген ақпаратта.
20 қазан 2026 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 098
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 307

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031