» » "Наурыз – қыстың жалғасы болады": көктемге арналған ауа райы болжамы жарияланды

"Наурыз – қыстың жалғасы болады": көктемге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Көктемнің алғашқы айы – наурызда Қазақстанның солтүстік облыстарында қыс мезгіліндегідей суық ауа райы күтіледі, қар жиі жауып, бұрқасын болады.
«Қазгидромет» РМК мамандары наурыз-мамыр айларына арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы көктем айларына арналған маусымдық ауа райы болжамы:
Көктемнің алғашқы айы – наурызда Қазақстанның солтүстік облыстарында қыс мезгіліндегідей суық ауа райы күтіледі, қар жиі жауып, бұрқасын болады. Жер көктайғақ болып, тұман түседі деп болжанады. Ауа температурасы түнде минус 15-25°С-қа түсіп, аяз болады.
Елдің солтүстік, орталық және шығысында бірінші онкүндікте ауа температурасы күндіз 2-7°С көрсетіп, жылымық сезіледі. Айдың үшінші онкүндігінде ауа температуры 5-15°С-қа көтеріледі.
Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс өңірлерінде наурызда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жиі болады. Ауа температурасы түнде 0,-10°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз 0,+10°С-тан +10+18°С-қа дейін көтерілуі байқалады.
Наурызда бір айдағы орташа ауа температурасы Қазақстан аумағының басым бөлігінде нормаға сай, елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары, Қазақстанның оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс бөлігінде нормаға шамаласады.
Сәуір және мамыр айларында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде, тек мамырда елдің солтүстік-батыс жартысында температуралық фон нормаға шамалас болады деп болжануда.
Сәуір айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын климаттық нормаға сәйкес, солтүстік-батыс аймағында нормадан аз, елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы аймақтарда нормадан жоғары болады. Мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға сәйкес болады деп болжанып отыр.
19 ақпан 2024 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 614
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930