» » Синоптиктер алдағы қысқа болжам жасады

Синоптиктер алдағы қысқа болжам жасады

Синоптиктер 2022 жылғы қараша мен 2023 жылғы наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, биыл қыс жылы болады.
Қарашада Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа температурасы климаттық нормада болады деп болжанып отыр. Батыста жауын-шашын нормадан аз, шығыста нормаға жуық болады.
Барикалық түзілімдер мен синоптикалық процестердің жиі өзгеруімен бір айда ауа температурасының ауытқуы, тұман және көктайғақ болады, ал қар жауғасын елдің солтүстігінде жел күшейіп, бұрқасын соғуы мүмкін.
Елімізде қарашаның бірінші онкүндігінде жылы ауа райы сақталады, алайда айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағына Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі енеді. Осылайша, елдің батыс өңірлерінде ауа температурасы түнде +3+10°С-тан -5-17°С-қа дейін, күндіз +12+22°С-тан -2-10°С-қа дейін төмендейді. Айдың соңында ауа температурасы көтерілуі мүмкін.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бірінші онкүндікте ауа температурасының түнде 0,-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан +5+15°С-қа дейін болады. Екінші және үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде -15-20°С дейін, күндіз -5-12°С дейін төмендейді.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бірінші онкүндікте күндізгі ауа температурасы +12+20°С болады. Кейін ауа температурасы түнде -10-17°С, күндіз -1-8°С дейін біртіндеп төмендейді.
Қыстың алғашқы 2 айында: желтоқсан – қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1° жоғары болады. Мысалы, желтоқсанда Қазақстанның оңтүстік-батысында, орталық және оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы нормадан жоғары, ал қаңтарда қиыр оңтүстікте норма шамасында болады, - деп жазылған хабарламада.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуықтайды. Желтоқсанда республиканың солтүстігінде нормадан көп, елдің оңтүстік-батысында нормадан аз, қаңтарда қиыр батыста, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста нормадан көп болады.
Қыстың соңында және наурызда республиканың басым бөлігінде  ауа температурасы нормаға жуық, ал батыста нормадан 1° жоғары, ал нормадан 1° төмен болады.
20 қазан 2022 ж. 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031