» » 8 наурызда ауа райы қандай болады

8 наурызда ауа райы қандай болады


Еліміздің кейбір өңірінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін
Суық антициклон Қазақстан аумағына ығыса бастады. Салдарынан жауын-шашын жауып, елдің солтүстік бөлігіндегі ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлады "Қазгидромет" синоптиктері.
"Оңтүстік өңірлерде жаңбыр, қар жауады, таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, батыста шаңды дауыл, тұман, оңтүстікте найзағай болады", - делінген 8 наурызға арналған болжамда.
Өңірлердегі ауа райы
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жел 15-20 м/с-ке күшейеді, түнде бұрқасын, оңтүстікте тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Павлодар облысында түнде оңтүстікте, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді, түнде солтүстікте боран соғады.
Ақмола облысының батысында тұман түседі, түнде оңтүстік-шығыста 15-20 м/с жел күшейіп, боран соғады.
Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі, оңтүстікте, шығыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман, найзағай болады, жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болады.
Күндіз батыста, Маңғыстау облысының орталығында жел 15-20 м/с-ке күшейеді, күндіз шаңды дауыл тұрады.
Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жел 15 м/с күшейеді, оңтүстігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, күндіз солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстікте, батыста, Атырау облысының орталығында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада ауа райы нашарлайды. Күндіз ауа температурасы -8 .. -10 °C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Алматыда синоптиктер жаңбыр түрінде жауын-шашын болады деген болжам жасады. Сынап бағаны + 6 көрсетеді..+ 8 °C, желдің жылдамдығы - 3-8 м/с.
Шымкентте жаңбыр болады.Күндізгі уақытта ауа температурасы: +9..+ 11 °C, желдің жылдамдығы: 8-13 м/с.
07 наурыз 2022 ж. 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031