» » Синоптиктер қаңтардағы ауа райына болжам жасады

Синоптиктер қаңтардағы ауа райына болжам жасады

Метеорологтар ел аумағында айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары болады деп болжап отыр.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан көлемінде 2019 жылдың қаңтар айына болжам жасады.
Алдын ала болжамға сәйкес қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1°С жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын болады.
Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нормадан төмендейді.
"Бірінші онкүндіктің басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында қалады. Сынап бағанасы түнде 25…30, кей жерлерде 35 дейін, күндіз 15…20, кей жерлерде 25 градусқа дейін төмендеп, аяз болады", — деп жазылған хабарламада.  
Ал еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде ауа райы айтарлықтай суытпайды. Ауа температурасы түнде 2…7, кей жерлерде 12 дейін аяз, күндіз 0…5 жылы, кей жерлерде 5 дейін суық болады.

"Осы айдың ішінде жылы ауа массасының жиі шығуына және фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы жылы және жауын-шашынды болады. Тек бірінші және үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы төмендеуі мүмкін", — деп түйіндеді метеорологтар. 


Синоптиктер жағдайдың өзгеруіне қарай консультативтік болжам өзгеріске ұшырауы мүмкін екенін ескертті.




29 желтоқсан 2018 ж. 1 045 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 136

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930