Қарашада ауа райы қандай болады?
Синоптиктер қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Бірінші онкүндіктің ортасында және соңында аяз кәдімгідей сезіледі, термометрдің бағанасы: солтүстік жартысында түнде 5...15 аязға дейін, күндіз 0...8 аязға дейін; оңтүстік жартысында түнде 0...7 аязға дейін, күндіз 0...5 жылыға дейін төмендейді.
Екінші және үшінші онкүндіктердің ортасында болжанатын екі суық толқын алдыңғыдан қарқындырақ күтіледі. Нәтижесінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормаға жуық, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан 1 градусқа төмен күтіледі.
"Айлық жауын-шашын мөлшері Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының солтүстік жартысында мөлшерден аз, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктері аумақтарында мөлшерден көп, қалған аймақтарда - мөлшер шамасында", - деді "Қазгидромет" өкілдері.