» » Қазақстанда алдағы күндері минус 20°C-қа дейін аяз болады

Қазақстанда алдағы күндері минус 20°C-қа дейін аяз болады

Синоптиктер 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
 

Атлант мұхитынан келген циклон мен атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты елімізде ауа райы құбылмалы болады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, солтүстік өңірлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, сондай-ақ боран соғуы ықтимал. 
Синоптиктердің болжауынша, 17-18 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын болуы ықтимал.
18 қарашада солтүстік-батыстың суық антициклоны келетіндіктен республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды.
Ауа температурасы солтүстік-батыста түнде минус 12-ден 17-ге дейін, күндіз минус 7-ден 12-ге дейін, солтүстікте, орталықта түнде минус 13-тен 20-ға дейін аяз болады, күндіз минус 5-тен минус 15-ке дейін суық, шығыста түнде минус 6 градустан минус 18-ге дейін, күндіз минус 1-ден 10-ға дейін суық, оңтүстік өңірлерде түнде минус 5-тен 13-ке дейін суық, күндіз минус 5-тен плюс 5-ке дейін жылы болады. 
15 қараша 2021 ж. 716 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 268
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 424

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30