» » Жаңа жыл қарсаңында ауа райы -42 градусқа дейін салқындайды

Жаңа жыл қарсаңында ауа райы -42 градусқа дейін салқындайды


Синоптиктер жақын арада суық аяз басылады деп мәлімдеді
2020 жылдың 25-31 желтоқсан аралығында елдің солтүстік және шығым аймақтарында күн күрт суиды. «Термометр көрсеткіші 35-42 градусқа дейінгі минус температураны көрсетеді. Яғни Қазақстанның бүкіл аумағында күн әдеттегіден суық болады. Жоғарыда аталған кезеңнің ортасында анлантикалық циклонның орнын жылу мен ылғалдың мол қоры ауыстырады. Сол себепті аздаған жаңбыр мен қар жауады.
Ауа температурасы қысқа аралықта жылиды. Алайда кезеңнің соңында суық антициклон қайта еніп, жауған қар тоқтап, Қазақстанда қайта аяз түседі: бұл кезде Қазақстанның солтүстік аймақтарында 35-45 градусқа дейін күн суиды», - деп хабарлайды Қазгидрометтен. Синоптиктерге сенсек, 2021 жылдың 1 және 2 қаңтарында елордада көшпелі бұлт жүріп, секундына 5-10 метрлік жел соғады. Күндіз 25-30, түнде 32-37 градусқа дейін суық болады. Алматыда қаңтардың алғашқы күндері көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жаумайды. Күндіз 20-25, түнде 23-28 градусқа дейін суық болады. Шымкентте те 1 және 2 қаңтарда көшпелі бұлт жүргенімен, жаңбыр жаумайды. Секунддына 5-10 метрлік жел соғады.
Күндіз 10-15, түнде 15-20 градусқа дейін суық болады. Жаңа жылдың басында салқын Сібір антициклоны Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райын анықтайды. Ауа температурасы:
  •  батыста түнде минус 10-20 градус, күндіз минус 5-13 градус;
  • оңтүстік батыста минус 5-13 градус, күндіз -5 + 5 градус;
  • солтүстік-батыста түнде минус 25-33, күндіз минус 12-20 градус;
  • солтүстікте, шығыста, орталықта минус 32-37, кей жерлерде минус 43, күндіз минус 25-35 градус;
  • оңтүстікте минус 15-28 градус, күндіз минус 10-20 градус;
  •  оңтүстік-шығыста минус 23-35, күндіз минус 20-28 градус болады.
27 желтоқсан 2020 ж. 863 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930