» » Қыркүйекте күн суытады

Қыркүйекте күн суытады

Айдың басында жауын-шашын жауып, күн бұлттанады. Алайда синоптиктер ауа райы әлі жылы болады деп отыр. «Қазгидромет» күздің бірінші айында ауа райы қандай болатынын хабарлады. Қыркүйек айының басында арктикалық ауа массасы әсерінен елдің солтүстік-батысы мен орталығында күн бұлтты болады. Жауын-шашын жауып, жел күшейеді. Түнде 1-6 градусқа дейін суытады. Күндіз орташа ауа температурасы - 7-15 градус. Батыс пен орталықта 22 градусқа дейін жылы болады деп күтіліп отыр. Оңтүстік пен шығыста қыркүйек айында жаңбыр көп жауады. Ауа температурасы біраз салқындайды. Түнде 7-12 градус, күндіз сынап бағаны 18-25 градусқа дейін көтеріледі. Алайда қыркүйек айында, негізінен, күн ашық әрі жылы болады. Күндіз 25-33 градус ыстық күтіліп отыр. Метеорологтар күздің бірінші айында солтүстікте екі рет күн суытатынын (қар аралас жаңбыр) айтып отыр. Бірінші толқыны айдың ортасында болады. Ал екінші рет күн үшінші онкүндікте суытады. Қалған уақытта ауа температурасы 15-25 градус шамасында. Қыркүйек айындағы орташа ауа температурасы елдің басым бөлігінде климаттық норма шамасында болады. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында нормадан 1 градусқа жоғары. Ал Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарында нормадан 1 градус төмен. Айлық жауын-шашын мөлшері де нормаға сай. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында нормадан аз болады.

24.kz

30 тамыз 2019 ж. 1 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031