» » Қазақстанда 2025/2026 жылғы қыс қандай болады?

Қазақстанда 2025/2026 жылғы қыс қандай болады?

"Қазгидромет" мамандары алдағы қыста Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Алдын ала болжамдарға сәйкес, 2025/2026 жылғы қыс салыстырмалы түрде жылы болмақ, бірақ ауа температурасының күрт ауытқуы, боран мен көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қараша: алғашқы боран, ауа температурасының ауытқуы

Қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар түрінде жауын-шашын болады, ал оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр мен қар аралас ауа райы күтіледі. Әсіресе солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда бұрқасын, көктайғақ және тұман болады.
Синоптиктердің айтуынша, ай бойы ауа райы жиі өзгереді:
  • солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде –2...–7°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +5...+10°С болады;
  • ай аяғына қарай түнде –15...–20°С, күндіз –10...–15°С дейін суытады.
Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде түнгі температура –3...–12°С пен +7°С аралығында, күндіз +6...+18°С шамасында болады. Қарашаның аяғында –15°С-қа дейінгі суық түсуі мүмкін.
Қарашаның орташа температурасы нормадан 1°С жоғары, ал жауын-шашын мөлшері климаттық норма шегінде болжанып отыр.

Желтоқсан: ауа райы климаттық нормаға жуық

Желтоқсанда ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде норма шегінде, ал солтүстік-батыста - 1°С жоғары болады деп күтіледі.
Солтүстік-шығыста, керісінше, сәл салқынырақ болуы мүмкін.
Жауын-шашын мөлшері шамамен норма деңгейінде, кей жерлерде аздау, әсіресе орталық және шығыс аймақтарда.

Қаңтар: аяз жоқ

Қаңтарда ауа температурасы климаттық норма шамасында, бірақ шығыс облыстарда - 1°С төмен болады.
Жауын-шашын мөлшері нормада, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында көбірек күтіледі.

Ақпан мен наурыз: күн жылынады және қар жауады

Ақпан қыстың ең жұмсақ айы болмақ, температура нормадан 1–2°С жоғары. Жауын-шашын мөлшері республика бойынша норма шегінде болжанып отыр.
Наурызда ауа райы жылы, климаттық көрсеткіштерден 1°С жоғары болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын нормадан көп, ал Маңғыстау облысында аздау күтіледі.
"Алдын ала бағалау бойынша, Қазақстанда қыс біршама жылы, бірақ температурада күрт өзгерістер бола
17 қазан 2025 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031