» » Қарлы боран және жылымық: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қарлы боран және жылымық: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері 1, 2 және 3 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етіп, бұлтты ауа райы күтіледі. Жауын-шашын аралас қар, жаңбыр жауып, боран, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары байқалады. 1 ақпанда қатты қар тек шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауады, ал республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Түнгі уақытта Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы -15...-28 градустан 0...-18 градус аязға дейін ауытқиды. Күндіз солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде температура -4...+2 градусқа дейін жылынады. Шығыс пен орталықта күндізгі температура 0...-11 градус аралығында сақталады.
Батыс өңірлерде түнде -8...+2 градус аралығында, күндіз 0...+10 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстікте түнде -2...-13 градус, ал күндіз -2...+7 градус болады. Оңтүстік-шығыста түнде температура -5...-15 градусқа дейін, таулы аймақтарда -17...-25 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз -7...0 градус аралығында болады.
31 қаңтар 2025 ж. 555 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 036
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031