» » Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда 6-8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, алдағы күндері белсенді Атлантикалық циклон шұңқыры және онымен байланысты атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 6 қаңтарда солтүстік-батыста қар жауады, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, 7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қар жауады. Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран болады деп күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
"Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температура күрт төмендейді. Сонымен, батыста және солтүстік-батыста түнгі уақыттарда 8-25 градус аязға дейін, солтүстікте 5-30 градус аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 градус аязға дейін төмендеу күтіледі. Оңтүстік өңірлерде түнгі температураның негізгі фоны 5 градус аяз - 7 градус жылы шегінде болады деп күтіледі", - делінген хабарламада.
05 қаңтар 2024 ж. 496 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 034
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031