» » Қарашадан наурыз айына дейінгі ауа райы болжамы жарияланды

Қарашадан наурыз айына дейінгі ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктердің болжамы бойынша, қараша айында ауа райы жылы және аязды болады. Бір ай ішінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел болады.

Фото: sputnik.kz
Қазгидромет Қарашадан наурыз айына дейінгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, қараша айында ауа райы жылы және аязды болады. Бір ай ішінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел болады.
Солтүстік өңірлерде жекелеген күндері жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Республика аумағы бойынша көктайғақ және тұман болуы мүмкін.
Еліміздің солтүстік жартысында, шығысында және орталығында қыс мезгілінде аязды ауа райы айдың екінші жартысында болжанады. Ең суық күндері суық ауа массалары енуіне байланысты ауа температатурасы төмендейді.
Қазақстанның солтүстігінде түнгі уақытта -20-27°С, күндіз -8-13°С дейін, елдің оңтүстік  жартысында   және   оңтүстік-батысында түнде -3-12°С, күндіз -1+5°С дейін төмендейді.
Иран мен Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты ауа райы жылынады. Республиканың оңтүстік жартысында күндіз +8+17°С дейін, солтүстік жартысында +3+10°С дейін жылы болады.
Осылайша, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа температурасы норма шамасында және нормадан 1° жоғары, Қазақстанның қиыр солтүстігінде - нормадан 1° төмен болады деп болжанады.
Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде норма шамасында. Елдің орталық және шығыс аймақтарында, сондай-ақ республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп жауады деп болжанады.
Болжам бойынша, алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон негізінен климаттық нормадан 1-2° жоғары болады. Желтоқсан айында ғана Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында, ал Қазақстанның солтүстігі мен шығысында нормадан 1° төмен болады деп болжанады.
Қаңтар және ақпан айларында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын норма шамасында және нормадан көп болжанады. Желтоқсанда елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, республиканың солтүстік жартысында нормадан аз болады.
Наурыз айында Қазақстан аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 2° жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан көп жауады деп болжанады.
18 қазан 2023 ж. 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 226

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 332

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930