» » АУДАН ӘКІМІ VIII ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ VIII ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Жандос Еркінбек Қармақшы аудандық мәслихатының VIII шақырылым депутаттарымен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысы депутаттардың өкілеттік мерзімі кезеңінде атқарған жұмыстарына тоқталып, ел игілігі жолындағы еңбектеріне ризашылығын білдірді.

«Халық сенім артқан депутаттарымыз мемлекеттік органдармен, сайлаушылармен тығыз қарым-қатынас орната білді. Президентіміздің бастамасымен 2023 жылдан бері елімізде өткен ірі саяси науқандарда белсенді жұмыс атқарды. Тұрғындарымыздың өмір сапасын арттыруға бағытталған өңіріміздегі өзекті мәселелерді жедел көтеріп, тиімді шешілуіне атсалысты. Мұның барлығы жергілікті өкілді органның жұмысын жетілдіруге, қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға және тұрғындардың талап-тілектерін ескеруге мүмкіндік берді», – деді аудан басшысы.

VIII шақырылым депутаттары өз қызметі барысында өңір тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерді күн тәртібіне шығарып, олардың шешілуіне ықпал етті. Бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізіп, мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықтың талап-тілектерінің орындалуына атсалысты. Бұл жұмыстар жергілікті өкілді органның қызметін жетілдіруге және тұрғындар мүддесін қорғауға бағытталды.

Жиында Қармақшы аудандық мәслихатының VIII шақырылымының төрағасы Ә.Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ә.Құлдүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары К.Таңбаев және аудандық мәслихатының VIII шақырылымының депутаты Е.Рзалиев сөз сөйлеп, өз ой-пікірлері мен ізгі тілектерін білдірді.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Осы Жарлықтың негізінде ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2026 жылғы 29 қарашаға (жексенбі) белгіледі.

17 қазан 2026 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 061
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 278

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031