Құрылтай
» » Аудан басшысы "Құрмет" орденімен марапатталды

Аудан басшысы "Құрмет" орденімен марапатталды




Бүгін «Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай
мерекелік шара өткізілді. Тағылымды шарада Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек «Құрмет» орденімен марапатталды.
«Құрмет» ордені – ел игілігі жолындағы тынымсыз еңбектің, адал қызмет пен жоғары жауапкершіліктің лайықты бағасы.
Бұл жоғары мемлекеттік награда оның мемлекеттік қызметтегі жауапкершілігі мен кәсібилігін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесін айқындайды. Ауданның инфрақұрылымын дамыту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік саланы ілгерілету бағытында атқарған жұмыстары – жүйелі еңбектің нәтижесі.
Жандос Еркінбек басшылық еткен кезеңде Қармақшы ауданында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асып, елді мекендердің келбеті жаңарып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар қарқын алды. Сонымен қатар, халықпен ашық диалог орнатып, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге ұмтылуы оның басқару стилінің басты ерекшелігіне айналды.
30 сәуір 2026 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31