» » ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ - ЖҮЙЕЛІ ЕҢБЕК, ЖЕМІСТІ НӘТИЖЕ

ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ - ЖҮЙЕЛІ ЕҢБЕК, ЖЕМІСТІ НӘТИЖЕ


2026 жылғы 15 наурыз күні елімізде республикалық референдум өтіп, азаматтар жаңа Конституция жобасында өз таңдауларын жасаған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдум қорытындысы бойынша:
«Бүгін – Қазақстан үшін тарихи күн! Еліміздің азаматтары конституциялық реформаны қолдап, референдумға белсенді түрде қатысты. Отанымыздың болашағын ойлап дауыс берді. Бұл - өте маңызды оқиға және тарихи таңдау», - деген болатын.

Осы жауапты кезең қарсаңында бүгін Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Шарада жүз жырауын жүзіктеген киелі Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек республикалық референдумды дайындау және өткізу жұмыстарына белсене қатысып, жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды. Көрсетілген құрмет — аудан көлемінде жүргізілген жүйелі жұмыстың жоғары бағасы.

Жандос Еркінбек берілген марапаттың ауданымыздың барлық қызметкерлері мен тұрғындарының ортақ еңбегінің нәтижесі екенін, алдағы уақытта да еліміздің дамуы бағытында жауапкершілікпен қызмет ететінін жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

28 наурыз 2026 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930