» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ НОРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ НОРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен мәжілісте облыс әкімінің қатысуымен өткен жиынның қорытындылары талқыланып, бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша өткен республикалық референдумның маңыздылығы айтылды. Ауданымыз бұл саяси науқанға жоғары белсенділік танытып, қатысқан болатын. Осы бағытта аудан әкімі референдумды жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан барлық азаматтарға өз алғысын білдірді.

Сонымен қатар мәжілісте Наурыз мейрамын өткізуге дайындық мәселелері де қаралды. Елімізде 14–23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі аясында түрлі мәдени шаралар өтуде. Осы бағытта 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында бірқатар тапсырмалар берілді.

Аудан әкімі тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына мерекелік іс-шараларды сапалы ұйымдастыру, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттерді жүктеді.

Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар тыңдалып, берілген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындау керектігі қатаң тапсырылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

18 наурыз 2026 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30