» » ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті кеңейтілген жиын өтті. Жиында тұрғын үй құрылысы саласын дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды.

Биыл аймақ басшысы Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің ашылу рәсіміне қатысып, пәтер кілттерін табыстады. Сонымен қатар Жосалы кентіндегі Тәуелсіздік ықшам ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарын және тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2 пәтерлі 30 тұрғын үй сатып алынып, қазіргі уақытта табыстау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде бұл бағыттағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 103,2 пайызды құрап отыр.

Аудан басшысы тұрғын үйлердің сапасына қатысты мәселелерге де тоқталып, кемшіліктер анықталып жатса тиісті жұмыстарды уақытылы жүргізуді тапсырды.

Мәжілісте сондай-ақ аудан аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын күшейту мәселесі қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар алдағы Наурыз мерекесіне дайындық мәселесі де талқыланды. Аудан көлемінде 14-23 наурыз аралығында өтетін «Наурызнама» онкүндігі аясындағы мәдени шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру да тапсырылды.

Мәжіліс қорытындысында Жандос Еркінбек жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

10 наурыз 2026 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 172
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 734

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031