Конституция
» » ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ДАМУДЫҢ БАСТЫ ДИНАМИКАСЫ

ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ДАМУДЫҢ БАСТЫ ДИНАМИКАСЫ

Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында VIII шақырылымдағы аудандық мәслихатының кезекті 49-сессиясы өтті. Оған 10 депутат қатысып, ауданның әлеуметтік саласына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Сессияға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық аурухананың бас дәрігері, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, дербес бөлім басшылары, аудандық зертхана меңгерушісінің міндетін атқарушы, аудандық жедел жәрдем бөлімшесінің басшысы, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, үкіметтік емес ұйымдардың және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне екі мәселе енгізілді. Алғашқы мәселе бойынша аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің қазіргі жай-күйі мен оны жетілдіру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты қаралды. Жауапты сала басшылары денсаулық сақтау жүйесіндегі көрсеткіштер мен өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасап, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті.
Екінші мәселе ретінде аудандық мәслихаттың 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары қаралып, депутаттардың қолдауымен бекітілді. Жоспарда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен қарау және тұрақты комиссиялардың жұмысын жандандыру көзделген.
Сессия соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды. Жиын қорытындысында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов қабылданған шешімдердің сапалы орындалуы тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға және ауданның тұрақты дамуына оң ықпал ететінін атап өтіп, сессия жұмысын қорытындылады.
Бауыржан ЖҮНІС
03 шілде 2026 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 396
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.
«ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ»

«ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ»

20 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 915

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031