» » СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ


Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Д.Молдабаевтың төрағалығымен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және оларға жұмысқа орналасқан азаматтардың жалақысын субсидиялау қағидаларына енгізілген өзгерістерге арналған жиын өтті.

Жиынға облыстық Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары А.Ж.Ахметова мен орталықтың сектор басшысы А.Мирамбекұлы, аудандық дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, Мансап орталығының басшысы мен кадр жөніндегі мамандар қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптарды түсіндіру, жұмыс берушілердің бағдарламаға қатысу шарттары мен 2027 қаржы жылына өтінім беру тәртібін таныстыру.

Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары А.Ж.Ахметова жұмыс берушілерге қойылатын талаптар, өтінімдерді қабылдау және қарау мерзімдері, сондай-ақ бағдарламаға қатысушылардың міндеттемелері туралы кеңінен түсіндірді.

Атап айтқанда, алдағы қаржы жылына өтінімдер 20–31 желтоқсан аралығында, ал ағымдағы қаржы жылына 1 ақпан мен 30 қыркүйек аралығында қабылданатыны айтылды. Сонымен қатар өткен жылы субсидияланатын жұмыс орындарында еңбек еткен азаматтардың кемінде 10 пайызын тұрақты жұмысқа орналастыру міндеттемесіне ерекше назар аударылды.

Жиын барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар мен түсіндірмелер алды.

14 қазан 2026 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 040
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 261

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031