Құрылтай
» » БІРҚАТАР ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

БІРҚАТАР ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ


Бүгін «Руханият» орталығында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен бірқатар заңнамалық өзгерістерді түсіндіруге арналған кездесу-семинар өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлеген Мендалиев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Ақзада Мадалиева, аудан әкімі аппаратының басшысы Ермек Сәтбаев, дербес бөлім және мекеме басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Кездесу барысында 2026 жылғы 15 наурызда өткен Жалпыұлттық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 шілдеден бастап күшіне енуіне байланысты енгізілген негізгі өзгерістер кеңінен түсіндірілді.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны жан-жақты түсіндірілді. Заңнамалық жаңашылдықтардың мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, кадрлық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін нығайту, қоғамдық бақылауды күшейту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудегі маңызы атап өтілді.

Семинар барысында Ақзада Мадалиева мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа тәсілдер мен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін арттыру бағытындағы өзгерістерге тоқталса, Ерлеген Мендалиев жаңа заңнамалық нормаларды тәжірибеде қолдану тетіктерін, мемлекеттік қызметке қабылдау және қызмет өткеру тәртібіндегі жаңашылдықтарды жан-жақты түсіндірді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, заңнамалық өзгерістерді іске асыруға қатысты пікір алмасты. Барлық сұрақтарға тиісті түсіндірмелер берілді.

Кездесу соңында департамент басшысы Ерлеген Мендалиев азаматтарды жеке қабылдап, мемлекеттік қызмет саласы мен заңнамалық өзгерістерге қатысты өтініштері мен сауалдарын тыңдап, заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер берді.

17 шілде 2026 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 483
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 975

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031