Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-кеңес өтті

Мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-кеңес өтті

Қармақшы ауданы әкімінің аппарат басшысы Диас Молдабаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-кеңес өтті. Іс-шараға кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңестің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдептілік мәселелері бойынша заңнамалық талаптарды түсіндіру.

Кеңеске арнайы қатысқан Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Шәкірбаев Мақсат Сәмитұлы мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары және әдеп кодексінің талаптары жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін адал әрі кәсіби түрде атқаруы, заң аясында тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызы туралы кеңінен баяндады.

Семинар соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, заңнамалық өзгерістерге қатысты пікір алмасып, болашақта осы бағытта жұмыстарды күшейту бойынша ұсыныстар білдірді.

29 қараша 2024 ж. 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 600
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031