ЖАС САРБАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін Жосалы кентінің теміржол вокзалында Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтеп, туған жеріне оралған М.Жорабековті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында әскери қызмет атқарып, азаматтық міндетін орындап келген жас сарбазды қарсы алуға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қ.Есдәулетов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы А.Құлдүйсенов, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ж.Жұмабаев, Жосалы кентінің әкімі А.Досмұратов, Жаңажол ауылдық округінің әкімі Ә.Қоқанов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Қ.Мусаев, теміржол вокзалының бастығы Д.Хамов, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері және белсенді жастар қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, ел алдындағы жауапкершілік пен азаматтық борыштың маңызын насихаттау, әскери қызметтің қадір-қасиетін жас буынға үлгі ету. Отан алдындағы міндетін орындап келген азаматтарды құрметпен қарсы алу – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің, елге қызмет етудің мәнін ұғындырудың маңызды көрінісі.
Отан алдындағы борышын өтеп, туған жеріне оралған жас сарбазға алдағы өмір жолында сәттілік, отбасына амандық, еңбегіне табыс тілейміз! Елін сүйетін, жерін қорғайтын азаматтарымыздың қатары көбейе берсін!
















