Құрылтай
» » Әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Әскерге шығарып салу рәсімі өтті


Жосалы кентінің рәміздер алаңында әскер қатарына аттанғалы отырған жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.
Жыл сайын дәстүрге айналған шарада аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев жастарға Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарып, елге аман-есен оралуына шын жүректен тілегін білдірді.
Сонымен қатар, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Р.Тұрғанов мерзімді әскерге шақырту кезінде белсенді жұмыс атқарған кент, ауылдық округ әкімдіктерінің жауапты мамандарына облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы мен аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.
Салтанатты шара барысында жастарға арнайы әзірленген аманат хаттар табысталып, «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Сағымбаев пен еңбек ардагері Ә.Ұзақбаев әскери қызметті өткеріп, әскердің айбынын асқақтатуға үлес қосатындарына сенім білдірді. Бейбіт елдің тыныштығын күзетіп, тәуелсіздік туының желбіреуі әскеріміздің мықты да, берік болуы өздеріңіздің қолдарыңызда деп ақ батасын бере отырып, сәттілік тіледі.
16 қыркүйек 2021 ж. 1 389 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 693
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 141

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31