» » Ауданда азаматтарды әскер қатарына шақыру пысықталды

Ауданда азаматтарды әскер қатарына шақыру пысықталды

Қармақшы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ж.Омаровтың төрағалығымен жиын өтіп, азаматтарды көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны пысықталды.
Аудан әкімі аппаратының терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімінің ұйымдастыруымен және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Р.Тұрғановтың қатысуымен 2021 жылдың көктем мерзімінде азаматтарды әскер қатарына шақыру науқаны жөнінде кент және ауылдық округтің тиісті сала мамандарына оқу –әдістемелік кеңестер берілді.
Сала мамандарының сөзінше, әскери есепке 17 жасқа толған немесе сол жылы толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары жатады. Ал әскери есепке алуға жатпайтындар – әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдер, заңнамаға сәйкес әскери міндеттерін орындаудан босатылған адамдар, бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүргендер және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындар.
Айта кетерлігі, әскери қызметке шақыруға жататын азаматтардың медициналық тексеруден өту кезеңінде жұмыс орны мен орташа жалақысы, ал мерзімді әскери қызмет ету кезеңінде жұмыс орны сақталады.
Ескерте кетейік, әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде себепсіз келмеуiне айыппұл салынады.
Жиын барысында кент және ауылдық округтер әкімшіліктерінің әскери есеппен айналысатын мамандарына тиісті сала басшылары нақты тапсырмаларды жүктеп, салаға байланысты қойылған сауалдарына тұщымды жауаптарын берді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары
Ж. Омаров салада үздік нәтижелерге қол жеткізген мамандарға аудан әкімінің және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің «Алғыс хаттарын» табыстады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
13 ақпан 2021 ж. 465 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930