» » ҰРПАҚҚА КӨП БЕРГЕНІ

ҰРПАҚҚА КӨП БЕРГЕНІ

Сүбелі сөз мергені,
Бабама арнап термені.
Ықыласыммен жолдайын,
Ұрпағына елдегі.
Жеті атадан белгілі,
Ақиық ақын екені.
Кете Жүсіп бабамыз,
Сөздің асыл зергері.
Жүректен шыққан жалындап,
Дастан боп сұр мергені.
Жолынан таймай жақұтты,
Әкенің ізге ергені.
Өсиеті өркенді,
Жүз шайырдың елдегі.
Асыл сөздің ардақты,
Сарқылмайтын кендері.
Бірі – Біржан, бірі – Ешнияз,
Екі салдың жердегі.
Құрметпен күткен ел-жұрты,
Орны дайын төрдегі.
Өмір бойы өшпейтін,
Өмірінің өрнегі.
Даналығын танытқан,
Алтын құрсақ жөргегі.
Асыл сөздер секілді,
Кезіккен зәм-зәм шөлдегі.
Мейіріміне иірген,
Аққу-қазды көлдегі.
Алып кетпей өмірден,
Ұрпаққа көп бергені.
Құтты болсын бабаның,
Жүз елу бес жасқа келгені.
Бахыт ӘБУҰЛЫ,
Тұрмағамбет ауылы
10 қазан 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 012
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 240

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031