» » «Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге»

«Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге»

«Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес».
Қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаев ұлы ақын Абай Құнанбайұлы мұрасының мәңгілік өшпейтінін әрі ұрпаққа көсем етер сөзінің даналығын арнау өлеңінде осылай жырлайды.
Иә, ақын мұрасын ұрпаққа үлгі ету, жолын көрсету – барлығымызға ортақ парыз. Осыған орай, «Атамекен», «Балауса» аулалық клубының ұйымдастыруымен «Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге» тақырыбында балалармен танымдық дәріс өткізілді. Аулалық клуб жетекшілері А.Әбілдаева мен М.Сматова балаларға ұлы ақынның өмірі, шығармашылығы жайлы түсіндірме жұмысын жүргізді. Шеңбер бойына жайғасқан балалар А.Құнанбайұлы туралы білімдерін тереңдете түсті. Уақытты тиімді өткізген аулалық клуб мүшелері әрі қарай ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, бір-бірімен пікір алмасты.

14 тамыз 2022 ж. 869 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 249
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 794

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930