» » » СӨЗ ЗЕРГЕРІ, ЖЫР ЖҮЙРІГІ – КЕТЕ ЖҮСІП

СӨЗ ЗЕРГЕРІ, ЖЫР ЖҮЙРІГІ – КЕТЕ ЖҮСІП

Қасиетті Сыр бойының сөз өнеріне өзіндік үлес қосқан ақын Жүсіп Ешниязұлының туғанына 155 жыл толуына арналған «Сөз зергері, жыр жүйрігі – Кете Жүсіп» тақырыбында аудандық жыраулар фестивалі өтті.
Фестивальде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Еркінбек Ерсұлтанов сөз сөйлеп, өнерпаздарға сәттілік тіледі.
Кете Жүсіп – Сыр бойы ақындық мектебінің көрнекті өкілі. Әкесі, әйгілі Ешнияз салдың өнерлі жолын жалғастырып, сыршыл жырлары, терең ойлы толғаулары мен көркемсөз өрнегі арқылы ел жадында қалған дара тұлға.
Фестивальде Кете Жүсіптің өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, ақын мұрасынан жырлар орындалды. Сырдың дәстүрлі өнерін жалғастырып жүрген жыраулар мен ақындар өнер көрсетіп, ұлттық өнердің өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізді.
Мәдени іс-шараға ақынның ұрпақтары да арнайы шақырылып, баба рухына тағзым жасалды. Ұрпақтары атынан Тиыштыбай Кенжебаев ақсақал мен Раунақ Аршабекова апа сөз сөйлеп, қатысушы өнерпаздарға баталарын беріп, сый-сияпат көрсетті.
Бұл басқосу – жарыс емес, ақын мұрасына тағзым, сөз өнеріне құрмет және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеген рухани кездесу болды.
Қамар СӘРСЕНБАЕВА,
аудандық жыраулар үйінің мәдени ұйымдастырушысы
07 қазан 2026 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 188
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30