» » Асыл сөздің зергері

Асыл сөздің зергері

Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клуб үйінде "Адал - адам" мәдени тәрбие беру орталығы тұжырымдамасының "Әлем - book" жобасы аясында ақын, драматург, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың 115 жылдығына орай "Асыл сөздің зергері" атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.
Мақсаты: ақынның жерді құрметтеу, халқына, ана тіліне, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы жас оқырмандарды жігерлендіру. Қаламгердің өмір жолын үлгі ету. Байқауға №28 мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Әбілдаева Ақмарал мен Тарғанова Назерке және "Рүстембек жырау" үйірмесінің жетекшісі Бедебаев Балтабай қатысып, жас оқырмандарға сәттілік тілеп, байқауға қазылық етті.
Байқауға №28 мектебінің 7 және 8 сыныптан барлығы 10 оқушы қатысып, ақынның өлеңдерін оқыды. Оқушыларға кітап көрмесі таныстырылды.
Нәтижесінде "Бас жүлде" 8 сынып оқушысы Достанбай Ерсін, І орын 8 сынып оқушысы Шегебай Ақгүлім, ІІ орын 8 сынып оқушысы Шарафадин Ақерке, ІІІ орынды 8 сынып оқушысы Тұрабай Аружан иеленді. Байқауға қатысушы оқушыларға Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ директоры
Қ.Қаниеваның "Алғыс хаты" мен сыйлықтар табысталды.

22 ақпан 2024 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930