» » Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Елімізде республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы Мәдениет министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханасы және Кітапханашылар ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау.
Биыл «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқу ұсынылды.
Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен акция аясында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кеш болып өтті. Кеш жазушының шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы «Менің атым Қожа» көркем фильмін тамашалаумен бастау алды. Кешке Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клуб үйі директоры Роза Кенжеғұлова, «Рүстембек жырау» үйірмесінің жетекшісі Балтабай Бедебаев, №7 «Шаттық» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Айнұр Асқарбаева қатысып, оқырмандарға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Кітапхана оқырмандары және №28 мектептің оқушылары, «Рүстембек жырау» үйірмесінің шәкірттері ән мен жырдан шашу шашты. Оқырмандарға жыл көлемінде қызмет жасайтын кітап көрмесі таныстырылды. Кешке белсене қатысқан оқушыларға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директоры К.Қаниеваның алғыс хаты табысталды.
Ақмарал ӘМІРАЛИЕВА,
Ақжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы
14 ақпан 2024 ж. 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 183

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930