ЖАСТАР – ҚОҒАМНЫҢ ТЫНЫСЫ
Жастар – қоғамның жаңаруы мен дамуының қозғаушы күші. Себебі әрбір жаңа идея, жаңа бастама мен жаңа мүмкіндік – ең алдымен жастардың белсенділігінен басталады.
Қармақшы ауданында да жастардың қоғамдық өмірге араласуына, өз қабілетін дамытуына және жаңа бастамаларын жүзеге асыруына бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Бүгінде аудан жастары білім, спорт, мәдениет, еріктілік, кәсіпкерлік және қоғамдық жұмыстар бағыттарында белсенділік танытып, өз ортасына оң өзгерістер енгізіп жүр.
Жастар ресурстық орталығы арқылы түрлі кездесулер, пікір алмасу алаңдары, спорттық және мәдени іс-шаралар, кәсіби бағдар беру кездесулері ұйымдастырылып, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік жасалуда. Ерекше атап өтер бағыттардың бірі – еріктілік. Қайырымдылық шараларына қатысу, қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық бастамаларды қолдау арқылы жастар туған жерге деген жанашырлығын нақты іспен көрсетіп келеді.
Сонымен қатар «Qadam Kenes», «Qadam Mura», «Қармақшылық», «1.2.3 Start» секілді жобалар жастардың тәжірибелі азаматтармен байланыс орнатып, кәсіби бағыт-бағдарын анықтауына және жаңа мүмкіндіктерді тануына жол ашуда. Жастың күші – оның білімінде, жастың қуаты – оның әрекетінде, ал қоғамның болашағы – оның белсенді жастарында.
Қармақшының жастары – өз ауданын дамытуға үлес қосып жүрген, жаңа идеяға ұмтылған, өзгерістен қорықпайтын буын.
Жастар – қоғамның тынысы. Ал қоғамның тынысы сергек болса, болашағы да жарқын!

















