» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОНКҮНДІК БАСТАЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОНКҮНДІК БАСТАЛАДЫ


Аймағымызда 2–12 тамыз аралығында Халықаралық жастар күніне орай жастар онкүндігі өтеді. Әр күнге түрлі тақырып бекітіліп, 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады. Олардың қатарында экологиялық акциялар, мәдени бастамалар, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, құқықтық түсіндіру жұмыстары, қайырымдылық және еріктілік бағытындағы жобалар бар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов хабарлады.

- Онкүндік аясында күн сайын белгілі бір тақырыпқа негізделген іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, «Жастар және тазалық», «Жастар және денсаулық», «Жастар және білім», «Жастар және еріктілік», «Жастар және заң мен тәртіп», «Жастар және адал еңбек», «Жастар және достық», «Жастар және Абай», «Жастар және дәстүр» бағыттары бойынша түрлі мазмұндағы жұмыстар жүргізіледі. Бұл шаралар арқылы жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына, экологиялық, мәдени, құқықтық және рухани мәселелерге деген көзқарасын қалыптастыру көзделіп отыр. Мәселен, сенбілік акцияларынан бастап, зияткерлік ойындар, кітап оқу марафондары, қан тапсыру бастамалары, ұлттық құндылықтарға негізделген мәдени кездесулер, өнер байқаулары мен жастарға арналған ашық диалог алаңдары ұйымдастырылады. Шаралар жастардың қабілетін шыңдауға, пікірін еркін білдіруге және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталған. Жалпы, бұл онкүндік - жастарға арналған іргелі жобалардың бірі. Жастар саясатын іске асыруда әр сала бойынша нақты қадамдар жасалып келеді. Осы онкүндікті ұйымдастыруда облыс әкімдігімен қатар барлық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктері жұмыла жұмыс жүргізеді. Барлығы 200-ге жуық іс-шара өткізіліп, тікелей және жанама түрде 50 мыңға жуық жас қамтылмақ. Бұл - жастардың әлеуетін дамыту мен қолдауға бағытталған ауқымды әрі мазмұнды бастама,-деді Руслан Мұхамедәліұлы.

Сонымен бірге, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Алиби Басаров жастардың қабілеті мен мүмкіндіктерін дамытуға арналған жобалардың маңызды екенін атап өтті.

- Жастардың әлеуетін дамыту - өңірдің басты басымдықтарының бірі. Қазіргі таңда біз жастардың білім, денсаулық, мәдениет, спорт және құқықтық сауаттылық салаларындағы белсенділігін арттыруға ерекше назар аударудамыз. Онкүндік аясында өткізілетін шаралар жастарға өздерін толық танытуға, кәсіби және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге, қоғамдық өмірге араласуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл шаралар жастардың патриоттық сезімін күшейтіп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Біз жастардың әрбір бастамасын қолдап, олардың дамуына барлық жағдайды жасауға ұмтыламыз. Өңірде жастарға арналған инфрақұрылым үздіксіз жетілдіріліп келеді, бұл өз кезегінде олардың болашаққа сеніммен қарауына және елдің дамуына үлес қосуына септігін тигізеді,-деді Алиби Төлепбергенұлы.
01 тамыз 2025 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930