» » ҚАРТТАР – ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ

ҚАРТТАР – ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ

1 қазан – Қарттар күніне орай Дүр Оңғар ауылындағы «Жаңажол» тойханасында ауыл ардагерлерімен тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – елге еңбегі сіңген ардагерлерге құрмет көрсету, олардың өнегелі өмір жолын дәріптеу, кейінгі ұрпаққа үлгі ету.

Мерекелік кеш барысында Жаңажол ауылдық округінің әкімі Қоқанов Әбимүсілім Алпуанұлы, «Жаңажол» ЖШС директоры Төлепов Орынбасар Өтепұлы, ауылдың бас агрономы Ералиев Төлеу Айманұлы, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәуекелов Бақытбек Әбдіқадырұлы ардагерлерді мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Шара аясында «Жаңажол» ЖШС тарапынан мерекелік дастархан жайылып, ардагерлерге құрмет көрсетілді.

Кеш барысында ауыл өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Ардагерлер де өздерінің ақ баталары мен ізгі тілектерін білдіріп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты.
04 қазан 2026 ж. 52 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 972
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031