» » АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ


Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бастамасымен «Ана Үйі» қоғамдық қоры мен бірқатар мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға көрсетілетін көмекті бір жүйеге біріктіріп, әр отбасының қажеттілігіне қарай медициналық, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдауды уақытылы ұйымдастыру.

Осы бағытта басқарма балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, баланың отбасында тәрбиеленуіне жағдай жасау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және отбасының тұрақтылығын сақтауға бағытталған ведомствоаралық жұмысты үйлестіруге басымдық береді.

Меморандум аясында денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қоғамдық даму салалары, полиция қызметі және қоғамдық ұйымдардың мүмкіндіктері өзара сабақтастырылып, жүктілік кезеңіндегі және өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге, жас аналар мен олардың балаларына кешенді қолдау көрсету тетіктері күшейтіледі.

Басқарма үшін басты міндет – мәселе туындағаннан кейін ғана әрекет ету емес, тәуекелді ерте анықтап, отбасыға қажетті көмекті дер кезінде ұйымдастыру. Осы тұрғыда мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың бірлескен жұмысы әрбір баланың қауіпсіз әрі қолайлы отбасылық ортада өмір сүруіне мүмкіндік беретін маңызды тетік болмақ.
28 қыркүйек 2026 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 319

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031