Бала құқығын қорғау – болашақ кепілі
Елімізде бала құқықтары туралы заңдар Конституцияға негiзделедi және бала құқықтарын қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта өзгеше ережелер белгiленсе, Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Барлық бала тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты мән-жайларға қарамастан, тең құқыққа ие. Некеден және некесіз туған балалар тең, жан-жақты қорғауды пайдаланады. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзгеше жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды.
Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатының мақсаттары балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушілікке жол бермеу, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру, бала құқықтары кепілдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру, балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкіндiктерiн ашуға жәрдемдесу, кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөніндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк органдар қызметiнiң басым саласы болып табылады және баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге, балаларға толымды тәрбие берудi, олардың құқықтарын қорғауды оларды қоғамда толымды өмiр сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттiк қолдауға, аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеуге және сақтауға, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны, оған зиян келтiргенi үшiн лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттiк қолдауға негiзделген.
Орталық атқарушы органдардың баланың құқықтарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерiне балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың негiздерiн талдап жасау, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, өз құзыретi шегiнде баланың құқықтары мен бостандықтарын реттеу және қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу, бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен балалар мүдделерiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, баланың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттің халықаралық мiндеттемелерiн орындау және халықаралық ұйымдарда мемлекет мүддесiн білдiру, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғауын қамтамасыз ету мақсатында баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты өтініштерді және баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың, олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне немесе әрекеттеріне шағымдарды қарайды. Баланың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін кедергісіз іске асыруға және қалпына келтіруге жәрдем көрсетеді.
Елена Шевцова,
Байқоңыр қалалық сотының судьясы