» » Еңбек заңмен қорғалады

Еңбек заңмен қорғалады

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, ҚР заңдарынан және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады, сонымен қатар ҚР басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарт қағидалары қолданылады.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары- адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу; еңбек бостандығы; еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу; қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету; жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы; еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес сыйақы құқығын қамтамасыз ету; тынығу құқығын қамтамасыз ету; жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету; әлеуметтік әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу болып табылады.
Әркімнің еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да бір кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне билік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар.
ҚР Еңбек Кодексінің 6-бабына сәйкес кемсітушілікке тыйым салына отырып, әркімнің еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Осы Кодексте және ҚР-ның өзге де заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің еңбек саласындағы құқықтарына шек қойылмайды. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға жүгінуге құқылы.
Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартымен, жұмыс берушінің актісімен, келісіммен және ұжымдық шартпен реттеледі. Әлеуметтік әріптестік тараптары келісімдерінің, ұжымдық, еңбек шарттарының, жұмыс беруші актілерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс.Келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының талаптары біржақты тәртіппен өзгертілмейді.Жұмыскер мен жұмыс беруші еңбек қатынастары субъектілері болып табылады.
Шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін атқарады.
Еңбек шартын жасасуға 16 жасқа толған, орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, 15 жасқа толған азаматтармен;оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14 жасқа толған оқушылармен; кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.
Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарға- еңбек кітапшасы; тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты; еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер; жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер; жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі); аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер; жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер; жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.
ҚР Еңбек кодексінің 49-бабына сәйкес еңбек шартын тоқтату негіздеріне- тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу; еңбек шарты мерзімінің аяқталуы; жұмыс берушінің
бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; жұмыскердің басқа жұмыс берушіге ауысуына байланысты; жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;тараптардың еркінен тыс мән-жайлар; жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы; ҚР-ның заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығаратын лауазымға тағайындалуы жатады.
Еңбек қатынастарынан туындаған дауларды қарау барысында ҚР Еңбек кодексінің және жекелеген санатқа жататын тұлғалардың еңбек қатынастарын реттейтін арнайы заңнамалық актілердің талаптарын, ҚР АПК, Салық кодексі, Жоғарғы сотының «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы»нормативтік қаулысының талап тарының қатаң сақталуын, қолданыстағы материалдық және іс жүргізу заңына сәйкес заңды және негізді сот актілерін қабылдауда аудандық сотының судьяларының да қосар үлесі мол.
Қармақшы аудандық сотының
бас маманы Бисенова Рахия Шауханбаевна
15 қаңтар 2019 ж. 1 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 069

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031