» » Сотқа жүгіну арқылы еңбек өтілі фактісін анықтады

Сотқа жүгіну арқылы еңбек өтілі фактісін анықтады

Қармақшы аудандық сотында азамат К.-ның заңдық маңызы бар еңбек өтілі фактісін анықтау жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, арызданушы 01.03.1986-05.01.2000 аралығында «Жаңақала» совхозында шопан болып жұмыс істеген. Алайда, қазіргі уақытта аталған мекеменің болмауы себепті, еңбек өтілін растайтын құжаттарды алуға мүмкіншілігі болмай, еңбек өтілі фактісін анықтау туралы талабымен сотқа жүгінген.
Қазақстан Республикасының АпК-нің 306-бабының талабына сәйкес, сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.
Сотпен, ұсынылған дәлелдемелер, куәлардың түсініктері негізге алынып, арызды қанағаттандыру жөнінде шешім қабылданды.
Қайнар:
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
14 қыркүйек 2018 ж. 1 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Хабарландыру

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 179
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031