» » Емдеуге жіберілді

Емдеуге жіберілді

Қазақстан Республикасының «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» Заңының талабына сәйкес, алкоголизмге, нашақорлық немесе уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеуге жiберудi ресiмдеудi аурудың туыстарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, iшкi iстер, прокуратура, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының бастамасымен медициналық қорытынды бар болған жағдайда мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
Осыған орай, «Аудандық амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасы» азамат М. және Б-ны алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызбен сотқа жүгініп, сарапшы қорытындысына сәйкес соңғының кәнігі маскүнем екендігін, еріксіз емдеуді қажет ететінін, өз еркімен емделуге бармайтынын көрсеткен.
Аурудың әлеуметтiк қауiптiлiгi ескеріліп, Қармақшы аудандық сотының шешімімен арыздар қанағаттандырылып, азамат М. мен Б. алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу үшін 6 айға еріксіз емдеуге жіберілді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар:
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
25 маусым 2018 ж. 1 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 741
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031