» » Еңбек министірлігі Whats App мессенджерін іске қосты

Еңбек министірлігі Whats App мессенджерін іске қосты

Енді, ведомства мамандары Whats App мессенджері арқылы халықпен өзара тығыз қарым-қатынас орнатып, әрі әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша жедел ақпарат алмаса алады. Whats App мессенджерінің номері +7 700 101 1414. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.
–Еліміздің азаматтары өздерін толғандырып жүрген зейнетақы, түрлі жәрдемақы, мүгедектікті тағайындау, көпбалалы отбасын қолдау, көші-қон және еңбек қатынастары жайында сауалдарға тікелей жауап алатын болады, -деп атап өтті баспасөз хатшысы.
Айта кетейік, биыл министрлік келесі міндеттерді орындайды:
жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу:
базалық зейнатақы төлемдерін тағайындаудың механизмін қайта қарау;
кәмелет жасына толған, бала кезінен І топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналарға қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізу;
өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу;
әлеуметтік қызмет жүйесін модернизациялау;
мүгедектік бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамалық қызметті қайта форматтау;
саланы цифрландыру, электронды еңбек биржасын енгізуді, электронды еңбек келісімдерді қамтамасыз ету және т.б.
–Егер аталған бастамаға ұсыныстарыңыз, сұрақтарыңыз бен толықтыруларыңыз болса, біз бігіріп талқылауға және кеңінен сұхбаттасуға әзірміз. Азаматтар өздерінің сұрақтарын Whats App мессенджеріндегі  +7 700 101 1414 нөмеріне жолдауына болады,  – деп атап өтті Нұрлыбек Жеңісбек.
18 қаңтар 2018 ж. 1 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 401
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728