» » I топтағы мүгедектерді бағып отырғандарға жәрдемақы беріледі

I топтағы мүгедектерді бағып отырғандарға жәрдемақы беріледі

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізуді тапсырды.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында әлеуметтік салаға ерекше тоқталды.
«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын. Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алады. 2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы қажет болады», - делінген Елбасы Жолдауында.
Елбасы 2018 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік салаға бөлінген шығын 12 %-ға өсіп, 4,1 триллион теңгеден асқанын атап өтті. Әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 миллионнан астам қазақстандықтың табысын көбейтеді.
«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 %-ға артты. Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына арналған жәрдемақылар 16 %-ға дейін өсті. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетін болады», - делінген Жолдауда.

10 қаңтар 2018 ж. 1 868 1

JeaCold от 12 ақпан 2019 16:15
Propecia E Infertilidad Farmacia Amoxicilline Acide Clavulanique Generique Amoxicillin Side Effects Toddler Black Stools cialis generic Cialis Generika Wirkung Propecia Riesgos Keflex Cure Stomach Pain

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031